ШҚО-да ауыр жүк көліктерінің қозғалысы қашан шектеледі?
сурет: news.myseldon.com
1 наурыздан бастап еліміздің сегіз өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі. Мұндай шектеулер өзге өңірлерде 23 наурызда күшіне енеді. Бұл туралы Altainews.kz сайты Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Шектеу шаралары жүктерді және жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға тартылған, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек, азық-түлік, багаж, дәрі-дәрмек тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарымен айналысатын автокөлік құралдарына қатысты қолданылмайтыны айтылды.