ШҚО-ның тасжолдарында ауыр жүк көліктеріне шектеу қойылады
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында облыстың республикалық маңызы бар жолдарында 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк көліктерінің қозғалысы үшін уақытша шектеу енгізілетіні хабарлайды.
ШҚО жолдарында «Қазақавтожол» ЖШС филиалы тиісті тыйым салу белгілерін орнатады.
Бұл шектеулер жыл сайын көктемгі су тасқынынан өту кезеңінде болады және трассалардың конструктивтік элементтерінің көтеру қабілетінің төмендеуімен байланысты.
- Шектеулер ТЖ алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға қатысатын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, тамақ өнімдерін тасымалдайтын, жолаушылар мен багажды тасымалдайтын, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді тасымалдайтын халықаралық келісімдерге сәйкес жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарына қолданылмайды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.