ШҚО-да шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзды
сурет: optimism.kz
Облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметінің өкілдері заңға томпақ әрекет жасаған шетел азаматын елден шығарды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемен қаласында уақытша тұрып жатқан Өзбекстан Республикасының азаматы белгіленген мерзімде елден шықпаған. Заңбұзушы сот қаулысымен елден шығарылды және бес жыл ішінде ел аумағына қайта кіре алмайды.
«Жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 100-ден астам шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның алтауы сот шешімімен елден шығарылды», - деп мәлімдеді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.
Оқи отырыңыз