ШҚО-да бірқатар мектеп қашықтықтан оқытуға көшті
фото:depositphotos.com
29 ақпанда кейбір аудан мектептері аязға байланысты қашықтықтан оқыту форматына ауысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Алтай қаласында бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары («Первороссийский ОМ» КММ, «Чапаев ОМ» КММ, «М. Бикетов атындағы ОМ» КММ, «Леснопристан ОМ» КММ, «Путинцев ОМ» КММ, «Зубов ОМ» КММ, «Маяк ОМ» КММ, «Соловьев ОМ» КММ) онлайн оқиды.
Тұрғысын орта мектебінің 0-9 сынып оқушылары да мектепке бармайды. Жаңа Бұқтырма кентінде 0-4 сынып оқушыларының сабағы қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды. Сондай-ақ Катонқарағай мен Самар ауданындағы бірқатар мектеп оқушылары онлайн оқиды.