KZ
Өскемен
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

Жасөспірім Семейдегі аспалы көпірден секірмек болды (видео)

Абай облыстық ТЖД

3.03.2024, 17:30 353 Назерке Каримова

Құтқару қызметінің диспетчері телефон арқылы жасөспірімнің өмірін құтқарып қалды.

Бүгін таңғы сағат 9-да Абай облысының ТЖД 112 пультіне аспалы көпірден секіріп, суицид жасағысы келген жасөспірім хабарласқан, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Бұл қоңырауды азаматтық қорғау кіші сержанты Айжан Каленова қабылдаған. Ол полиция қызметкерлері келгенге дейін әңгіме барысында балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетіп, сол арқылы суицид әрекетіне кедергі жасады.

Әңгіме барысында диспетчер жасөспірімге оқудан шығып қалғаны үшін уайымдаудың қажеті жоқ екенін, бұл өмірде одан да маңызды құндылықтар бар екенін түсіндіргенін аңғаруға болады. Тіпті диспетчер өзінің де алғашқыда оқудан шығарылғанын айтып мысал келтірген. Осылайша көмек жеткенше жасөспірімнің көңілін аулап, ақыл-кеңес берген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу