KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Предгорный ауылындағы элеваторда шыққан өрт сөндірілді

ШҚО ТЖД

8.03.2024, 13:30 131 Назерке Каримова

Глубокое ауданы, Предгорное ауылындағы элеваторда шыққан өрт сағат 12.30-да сөндірілді.


Кептіргіште шамамен 10 тонна астық болған. Өрттің аумағы шамамен 120 шаршы метрді қамтыды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.


Өртті сөндіруге жеке құрамнан 90-ға жуық адам, 12 техника, Қазақстан Теміржолының бір өрт сөндіру пойызы, ТЖД және “Васкен” ЖШС-ның адамдары, техникалары жұмылдырылды. Мамандардың алдын ала анықтауынша, тілсіз жау ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кезінде өрт қауіпсіздігі техникасын сақтамау және технологиялық процесті бұзу салдарынан шыққан.


Естеріңізге сала кетейік, өрт 8 наурыз күні таңғы сағат 6.37-де Глубокое ауданының Предгорное ауылындағы элеватордың кептіру бөлімінде шыққан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив