KZ
Өскемен
+18°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Кімдер МӘМС қорына жарна төлеуден босатылған?

сурет: gov.kz

11.03.2024, 16:00 188 Оразай Жеңісұлы

МӘМС қорының Шығыс өңіріндегі филиалының мамандары кімдер жарна төлеуден босатылғанын айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңның 26-бабына сәйкес мемлекет келесі тұлғалар үшін қорға жарналар төлейді (яғни, төменде аталған тұлғалар санаты қорға жарналар төлеуден босатылады):

1) Балалар;

2) Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

3) Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдарды қоспағанда, бала үш жасқа толғанға дейін оны тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам;

5) Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

6) Мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

7) Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

8) Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

9) Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

10) Тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;

11) Жұмыс істемейтін қандастар;

12) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

13) Мүгедектігі бар адамдар;

14) Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

15) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер;

16) Әскери қызметшілер;

17) Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

18) Құқық қорғау органдарының қызметкерлері

Ескерту: кәсіпкерлік немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және табысы жоқ адамдар жұмыс істемейтін адамдар деп есептеледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив