KZ
Өскемен
+1°
снег жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Наурыздағы ҰБТ-да 20 үміткер ереже бұзып, тест нәтижелері жойылды

Шартты сурет: kazpravda.kz

11.03.2024, 18:16 215 Айжанат Бақытқызы

Ұлттық тестілеу орталығы Наурыз айында болып жатқан ұлттық бірыңғай тестілеудің аралық қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазірге дейін 13019 адам тест тапсырған. Олардың 60 пайызы шекті балл жинай алса, тест тапсырушылардың орташа балы 59-ды құрады. Ең жоғарғы көрсеткіш – 137 балл.

Ал ереже бұзғаны үшін 20 адамның нәтижелері жойылған:

*смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 9 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылса;

*тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 11 адам шығарылған.

«Қатысушылардың басым бөлігі, яғни 17,11 пайызы «Математика-физика» және 14 пайызы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын таңдаған», – делінген ҰТО хабарламасында.

Еске салайық, наурыз айындағы ҰБТ 30 наурызға дейін өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив