Жаңа Елтаңба жобасына байқау жариялана ма?
сурет: t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елтаңбаға қатысты сыни пікірлер бар екенін айтты. Алдағы уақытта арнаулы комиссия құрылуы мүмкін.
Сосын жаңа Елтаңба жобасын жасауға ашық байқау жарияланады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы былтыр аймақтардың нышанын, яғни символикасын жүйелеп, бірыңғай стандартқа келтіру қажеттігін айтқан. Нышандардан сол өңірдің ерекшелігімен қатар, еліміздің болмыс-бітімі де байқалуға тиіс. Қазір осы бағытта нақты жұмыс жасалып та жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев мамандар мен сарапшылар Мемлекеттік нышандарды түгел жаңғырту туралы пікір білдіріп жатқанын атап өтті.