KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
530.12 546.08 5.17

Қазақстанда қызылша бойынша эпиджағдай тұрақтануда

pexels.com

24.03.2024, 21:00 141 Назерке Каримова

Соңғы 2 айдың ішінде қызылша ауруы 38%-ға төмендеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпараты бойынша, қосымша иммундау шеңберінде вакцинациялауға жататын адамдардың 92%-ына екпе салынды.

- Бұл ретте қызылшамен сырқаттанушылықты тіркеу жалғасуда, осыған байланысты ата-аналар балаларында қызылшаға қарсы екпелердің болуын тексеруі қажет, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. - Вакцинациялау болмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша емханада вакцинация алуды ұсынамыз.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу