KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
441.58 480 4.86

Өскемендік семсерлесушілер Париж Олимпиадасында Қазақстанның намысын қорғайды

ҚР Спорт комитеті
ҚР Спорт комитеті
25.03.2024, 16:00 43 Назерке Каримова

Жарыстың шешуші кезеңінде сапы жаттығуы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жолдамаға ие болған спортшылар: Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Эльмир Алимжанов.

ҚР Спорт комитеті ақпаратына сүйенсек, 3-орын үшін өткен кездесуде біздің құрама әлем чемпионы, азулы Италияны 45:35 есебімен ұтты. Бұл әлем кубогы бойынша ел тарихындағы екінші жүлде.

- Былтыр Стамбулда басталған алғашқы әлем кубогында жігіттеріміз чемпион атанып, жанкүйерлерді қатты қуантып еді. Енді, міне, сол жетістіктің бастауы Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік сыйлады, - деп хабарлады ҚР Спорт комитеті.


Айта кетейік, құраманың екі спортшысы Руслан Құрбанов пен Вадим Шарлаимов ШҚО семсерлесу мектебінің тәрбиеленушілері.

- Алға қойған лицензия алып, медальға қол жеткізу мақсатына жеттік. Алған әсерімізді сөзбен айтып жеткузі мүмкін емес. Біз әлемнің түкпір-түкпіріндегі көп адамның қолдауын сезіндік, бұл бізге күш берді, - дейді Вадим Шарлаимов. – Біздің өңірде семсерлесу спортын дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Сондықтан да осы спорт түрін енді қолға алған жас спортшыларға биік мақсаттар қойып, талмай жаттығу жасау керектігін айтқым келеді.


Олимпиадалық командалық лицензияға семсерлесушілер оңай жеткен жоқ.

- 2006 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында біздің спортшылар жеңіске жеткен уақытта алдымызға Олимпиадаға бару деген мақсат қойылды. Жолдама алу оңай болмады. Жекелей спортшылар жетістіктерге жетіп жүргенімен,  команда лицензияны бірінші рет қол жеткізді. Әлем бойынша Олимпиадаға тек 8 команда өтеді. Сондықтан бұл жақсы нәтиже, - дейді «ШҚО Семсерлесу федерациясы» ҚБ төрағасы Игорь Грязнов.


Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы күзде ШҚО әкімі Ерм ек Көшербаев ҚР Семсерлесу федерациясының президенті Мирболат Абуовпен кездескен. Нәтижесінде спортшыларды дайындау стратегиясы дайындалған.

- Соңғы уақыттарда облыс басшылығы семсерлесу спортын дамытуға көп көңіл бөлуде, - дейді Игорь Грязнов. – Бірақ бүгінгі жетістіктерге масаттануға ерте. Алда жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионаты, Азия Кубогі, одан кейін Париждегі Олимпиада ойындары күтіп тұр. Одан кейін біздің команда осы құрамда өнер көрсететін Достастық ойындары бар. Богдан Лукин, Кирилл Проходов, Кирилл Павлов және басқаларына зор үміт артамыз.


Одан өзге, осы көктемде Өскеменде Ер Жәнібек батырды еске алуға арналған XIX халықаралық турнирі өтеді. Оған жасөспірімдер, кадеттер мен алғаш рет балалар қатысады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив