Абай ауданының тұрғыны етті ерекше әдістермен сүрлейді
Жарқын Жәукен - Абай ауданының Көкбай ауылының тұрғыны әрі мектеп директоры.
Атадан қалған әдіспен тек ет сүрлеп қоймай, ауыл балаларын қолөнерге де баулиды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі 24KZ арнасына сілтеме жасап.
Жарқын Тұрсынғалиұлы етті кептіру арқылы және ыстау арқылы сүрлейді. Ет сақтауға арналған арнайы шошаласы да бар. Шошалада негізінен ысталған ет сақталады. Жарқын Жәукен мұндағы етті суық күйінде ыстау әдісімен сүрлейді. Басты талап - бөлме іші салқын әрі бірқалыпты температура болуы керек.
Көкбай ауылының тұрғыны көбіне жылқы мен қой етін сүрлейді. Ерекше әдіспен әзірленген етке құда түсушілер көп. Кейде жылына 3-4 бас мал союға тура келеді екен.
Айта кетейік, Жарқын Жәукен – ауылдағы мектептің директоры. Қолөнерге де жаны құмар. Қолы қалт еткенде елді мекеннің балаларын қайыстан таспа тіліп, өрме өруге баулиды.
Көкбай ауылында Қарауылдағы балалар көркем сурет мектебінің филиалы жұмыс істейді. Оған 40-қа жуық оқушы қатысады. Ал өрме қосымша сабақ ретінде оқытылады.