KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 2 м/с, ОШ
441.58 480 4.86

Шетелдіктер ауылдағы боямасыз тірлікті көруге құмар

pexels.com

25.03.2024, 21:00 58 Назерке Каримова

Қазақстан сырттан келетін туристер санын 3,5 млн-ға, ал ішкі туристердің санын тіпті 8 млн-ға жеткізуді жоспарлауда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі 24KZ арнасына сілтеме жасап.

Салалық ведомство бұл мақсатта миллиардтаған қаражат жұмсамақ. Оларды еліміздің имиджін, цифровизацияны дамыту және жобалық кеңсені қаржыландыруға жұмсайды. Сонымен қатар, халықаралық көрмелерге қатысуға, ішкі туризмге бағытталған шараларға, арнайы интернет-ресурсты жүргізуге де көңіл бөлінеді.

Елге келетін туристер саны жыл санап артып келеді. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, былтырғы 9 айда 900 мыңға жуық қонақ келген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 225 мың адамға көп. Сонымен қатар, туристер келетін мемлекеттер тізімі ұлғайып келеді. Іргедегі көршілерден бастап мұхит асып келетіндер де бар. Бұл орайда Ресей көш бастап тұр. Сондай-ақ, алғашқы бестікке Қытай, Түркия, Үндістан мен АҚШ енеді. Мамандардың айтуынша, биыл да елге келетін қонақтардың қарасы қалың болмақ. Шетелдік туристер саны (қаңтар-қыркүйек, 2023 ж.) Ресей – 256 850, Қытай – 75 131, Түркия – 41 134, Үндістан – 34 757, АҚШ – 28 160.

Шетелдіктер ауылдағы боямасыз тірлікті көруге құмар. Кәсіби тілде мұны этнотуризм деп атайды. Еуропада ертеден дамыған бұл қызмет біздің елде енді қолға алынды. Қазіргі уақытта Маңғыстау мен оңтүстік аймақтағы қаймағы бұзылмаған қазақы ауылдарға турлар ұйымдастырылып келеді. Көрші алашапанды ағайындарымызға да көптеп қонақ келетіні белгілі. Сала мамандары Самарқандқа келгендердің біздің елге де соғып кету үшін жағдай жасап жатыр.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив