Өскемен: Қала күні биыл қайда тойланады?
Фото: ALTAINEWS
Өскемендіктер қала күнін Республика алаңында атап өтуді әдетке айналдырған еді. Биыл мерекелік іс-шараның мекенжайы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта қала сәулетіне ерекше көңіл бөлініп жатқаны белгілі. Мәселен, өткен жылы бірқатар тұрғын үйдің қасбеті әрленді. Биыл облыс орталығындағы тағы бірнеше көше жаңартылмақ. Сол қатарда Шәкәрім даңғылы да бар. Облыс әкімі Ермек Көшербаев қала күнін жаңа келбетке енген даңғылда мерекелеуді ұсынды.
– Мәселен, мұнда трамвай қойып, дәмхана ашуға болады. Мерекелік шеру жасап, тұрғындарға қаланың қалай гүлденіп келе жатқанын көрсете аламыз. Біртіндеп өзге аудандардың да келбеті өзгеруге тиіс, – деді ШҚО әкімі.
Оқи отырыңыз