KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Шығыста паромдар қашан қатынайды?

сурет редакция архивінен

2.04.2024, 16:10 181 Қызырбек Дүргінбайұлы

Күршім, Марқакөл, Зайсан аудандарының тұрғындары қалаға келу үшін қыста мұз үстімен, жазда пароммен қатынайды. Мұз көктемде еріп, күзде қата бастайтын уақытта айналма жолмен жүруге тура келеді. Ондайда жол алыстығы тұрғындарға біршама қолайсыздық туғызады.

Биыл күннің күрт жылынуына байланысты Бұқтырма су қоймасындағы Қызыл ту өткелінде мұз жару жұмыстары ерте басталды. 4-5 сәуір күндері паром жолға шығады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Бұқтырма су қоймасындағы Қызылту өткелінде мұзды жару жұмыстары биыл уақытынан ерте басталды. Шамамен, 4-5 сәуірде паром жүреді», - деп жазды Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышев instagram әлеуметтік желідегі парақшасына.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу