KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
516.93 542.52 4.98

Қазақстанда ең жоғары жалақы алатын мамандықтар анықталды

pexels.com

Бүгін, 15:00 39 Төлеуғазы Жансая

2024 жылғы қарашада Электрондық еңбек биржасында жұмыс іздеу мен жұмысқа қабылдау белсенділігінің маусымдық төмендеуі жалғасын тапты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
ЭЕБ мәліметтеріне сәйкес, қараша айында 96,9 мың бос жұмыс орны мен 91,7 мың түйіндеме жарияланған. Бұл қазан айымен салыстырғанда бос орындар саны 22%-ға (26,7 мың орынға), ал түйіндеме саны 14%-ға (14,3 мың түйіндемеге) азайғанын көрсетеді.
Ең көп бос жұмыс орындары Астана (8 мың), Павлодар (6,4 мың) және Алматы (5,8 мың) облыстарында тіркелген. Ал бос орындардың айтарлықтай қысқаруы Батыс Қазақстан (-52%), Қызылорда (-49%) және Маңғыстау (-42%) облыстарында байқалды. Халық тығыз қоныстанған Түркістан (-34%) және Алматы (-32%) өңірлерінде де бос жұмыс орындарының азаюы анықталған.
Жұмыс іздеушілердің 43,9 мыңын 16-34 жас аралығындағы жастар құрайды.  Орта жастағы (35-44 жас) ізденушілер жалпы санының 23 мыңын құрайды, ал зейнетке дейінгі жастағы азаматтардың үлесі 9%-ды (8,7 мың) құрады.
Жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны келесі мамандықтар бойынша ұсынды:
•    Бас құрылысшылар – 726 мың теңгеден бастап;
•    Өндіруші өнеркәсіптегі қызмет басшылары – 649 мың теңге;
•    Диірменшілер – 580 мың теңге.
Ал Жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақы сұрағандар:
•    Жобаларды әзірлеу басшылары – 1,3 млн теңгеден бастап;
•    Талдау қызметінің жетекшілері – 1,2 млн теңге;
•    Ұшқыштар – 1,1 млн теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу