KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Ата-аналар жауапкершілікке тартылды

pexels.com

Бүгін, 14:00 45 Гульжан Мусина

Ағымдағы жылдың күз айында 102 жедел арнасына дабыл қоңырауы түскен. Қоңырау шалған бала мекенжайын айтып: «Бізде террористер бар, тез келіңіздер!», – дейді.

Оқиға орнына жедел келіп жеткен қызмет тобының қызметкерлері барлығын тексеріп, хабарламаның жалған екенін анықтаған. Нәтижесінде, 8 жасар бастауыш сынып оқушысының қоңырау шалғаны белгілі болған. Оның айтуынша, көршінің баласы оған келіп, полицияға қоңырау шалуды өтінген. Сонымен қатар, сол таныс бала тамыз айында басқа жігіттерге осындай өтінішпен жүгінгені туралы айтып берген, деп хабаралайды Altainews.kz тілшісі.

Екінші кәмелетке толмаған баланың да жеке басы анықталған. Ол 14 жасар жасөспірім болып шықты. Екі баланың ата-аналары бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың терроризм актісі туралы жалған хабарлаудың басқа фактілеріне қатыстылығын тексеруде.

Полиция департаменті бұл әрекеттер үшін 5000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылғанын еске салады.

Бұл қылмыс үшін 14 жасқа толған жасөспірімдер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Егер кәмелетке толмағанның жасы 14 жастан аспаса, онда бұл жағдайда оның ата-анасы балаларды тәрбиелеу бойынша шаралар қолданбағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

ШҚО ПД баспасөз қызметі ата-аналарға балаларының мінез-құлқына ерекше назар аударуды, олармен мұндай әрекеттердің салдарын талқылап және мұндай бір сәттік әзіл-қалжыңның ауыр қылмыс екенін, ол үшін ауыр жаза қарастырылғанын түсіндіруді ескертеді.

 Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу