Өскемендік Мырыш зауытының қызметкері «Шапағат» медалімен марапатталды
Бүгін Президенттің төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы өтті. Жиынға Парламент Сенатына ҚХА қатарынан сайланған депутаттар, республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, Ассамблеяның еріктілері, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы Ұйымның өңірлердегі делегаттары қатысты.
Жиын барысында ҚР Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Марапатталғандар қатарында өскемендік Панасюк Сергей Александровичта бар. Мырыш зауытының күйдірушісі болып қызмет ететін ол бүгін «Шапағат» медалімен марапатталған.