KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 5 м/с, СБ
444.79 481.04 4.95

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі қарсыласы кім?

Фото: esquire.kz

29.06.2023, 14:30 819 Ләззат Қанатқызы

UFC президенті Дана Уайт қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың октагонға қашан шығатынын мәлімдеді.

Шавкат Рахмонов 16 қыркүйекте UFC турнирінде америкалық Кевин Гастелуммен айқасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл кештің негізгі жекпе-жектерінің бірі болмақ.

Айта кету керек, Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақ дәрежесінде алтыншы нөмірде.

«Номад» бұған дейін UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, бәрінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.

Соңғы айқасында америкалық Джефф Нилдан басым түсті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив