KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

Жаңа жылдан бастап асыраушысынан және еңбек қабілетінен айырылғандардың жәрдемақысы өседі

Фото: zhaikpress.kz

4.09.2024, 09:07 92 Ләззат Қанатқызы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақы мөлшерін көбейтпек, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Тиісті қаулы жобасы Ашық НҚА платформасында жарияланған

Қаулы жобасы бойынша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап асыраушысынан және еңбек қабілетінен айырылғандарға Әлеуметтік мемлекеттік сақтандыру қорынан төленетін (2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған) жәрдемақыны 6,5 пайызға өсіру жоспарланып отыр. 

Құжат 17 қыркүйекке дейін қоғам талқысында болады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу