KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

3.11.2020, 11:48 108

2 қарашада Шығыс Қазақстан облысынан билеті бар 49 адам ұшаққа отыра алмады, деп хабарлайды zakon.kz.

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов айтқандай, Шығыс Қазақстан облысынан 49 әуе жолаушысы ПТР-анықтамасы болмаған, сондықтан оларды Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына бағыт алмақ ұшақтарға отырғызуға тыйым салынған.

2 қарашада ПТР-анықтамасы бар 385 жолаушы облыстан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына ұшып шықты.

ПТР-анықтамасы жоқ 33 адам Өскемен және Семей әуежайларынан Нұр-Сұлтанға ұшқысы келген. Олардың екеуінің қолындағы ПТР-анықтаманың мерзімі өтіп кеткен.

11 адамға Алматыға, ал Өскеменнен 5 адамға Шымкентке ПТР-тестісіз ұшуға тыйым салынды.

Бұрын хабарланғандай, КВИ диагнозын жоққа шығаратын ПТР-анықтамасы болған жағдайда ғана Шығыс Қазақстаннан кету үшін ұшақ пен вагондарға отырғызылады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу