KZ
Өскемен
-13°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

Қыс қамы: ШҚО-да құтқарушылар біліктілігін қайрауда

22.11.2024, 11:15 100 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысында «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында ауқымды авариялық-құтқару жаттығулары өтті. Бұл шара аймақтың қатал климаттық жағдайларын ескере отырып, төтенше жағдайларға барынша жақын сценарийде ұйымдастырылды, деп хабарлайды  Altainews.kz  тілшісі.  

Төтенше жағдайлар қызметкерлері боранды күні қар құрсауында қалған адамдарды жол талғамайтын техникамен жедел эвакуациялады. Азаматтық қорғау қызметтерінің көмегімен магистральдық құбырда орын алған апат жойылды. Сонымен қатар, коммуналдық қызметтермен бірлесіп, өңірдегі су өткізу құрылыстарын қар мен мұздан тазарту, түрлі апаттарға жедел әрекет ету секілді шаралар пысықталды.  

Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау құрылымдарының техникалық дайындығы тексеріліп, зардап шеккендерге арналған далалық госпиталь мен шатырлы лагерь орналастырылды.  
 
“Қыс-2024" РКШО-ға облыс әкімі Ермек Көшербаев қатысып, техника мен азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы кезеңге дайындығымен жеке танысты. 

- Біздің міндет, ең бірінші кезекте халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу. Осы сала қызметкерлерінің бұл саладағы тәжірибесі мол. Әсіресе, қыз мезгілінде жергілікті билік өкілдері, жол саласының қызметкерлері мен ТЖ қызметкерлері бірлесіп еңбек етуі керек. Сонда ғана төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік болмақ. Кеше ғана Алтай ауданында қыз бала құтқарылды. Кез келген қиын жағдайда адам өмірін құтқарып, аянбай еңбек етіп жүрген сала мамандары алғысты жиі естімесе де, құрметке лайық,– деді облыс әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылғы қыс мезгілінде облыс жолдарындағы тайғақ кезінде 90 адам құтқарылып, 18 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 70 дауылды ескерту жарияланған болатын.  


Ажар Сағатбекова
Фото: Нелли Петенева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу