«Өскеменге жүз жедел жәрдем келе жатыр». Желіде бейнежазба тарады
Әлеуметтік желіде тасжолда қаз-қатар тізіліп кетіп бара жатқан жедел медициналық жәрдем көліктерінің бейнежазбасы жарияланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Желі қолданушысы бейнежазбада «Өскеменге кетіп барады, бұлар өте көп...» деп сөйледі. Әзірше бұл ақпаратқа байланысты ресми мәлімдеме жоқ. Бірақ естеріңізге саламыз, аймақ басшысы Даниал Ахметов: «5 қарашаға дейін 100 жаңа жедел жәрдем көлігі келетінін» айтқан еді.
Оқи отырыңыз