"Жолдарды да жөндеп кетеді". Глубокое ауылдарына су жүйесі тартылып жатыр
Глубокое ауданының екі бірдей ауылына жыл соңына дейін таза ауызсу тартылады.
Тарханка, Уварово ауылдарындағы орталықтандырылған су жүйесін тарту жұмыстары аяқталып келеді. Жұмыс аулаларды абаттандыруға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында былтыр қыркүйекте басталған. Тапсырылу мерзімі – осы жылдың желтоқсаны.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Дамир Ордахановтың айтуынша, бүгінде Тарханкадағы су ғимараты қоршалып, жарықтандырылған және онда электр жүйесі де тартылған. Ал Уваровода жаңа құбырлар салынып, екі резервуар орнатылып жатыр. Мұндағы резервуардың әрқайсының сыйымдылығы – 150 текше метр.
Құрылыс жұмыстары аяқталған соң мердігер мекеме ауыл ішіндегі өздері қазған жолдарды тегістеп, қиыршық тас төсеп беруге міндеттелген.