KZ
Өскемен
-6°
снег жел 5 м/с, Ю
497.88 518.59 5.44

Covid-19: АҚШ-та бір күнде 80 мың науқас тіркелді

26.10.2020, 06:40 133

АҚШ-та 23 қазан күні 80 мың адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Пандемия басталғалы бері бұл елде мұндай көрсеткіш бірінші рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жаңа антирекордпен қатар ауруханаға жатқызылғандар мен коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны да артқан. Ал сарапшылар «ең жаманы әлі алда екенін» ескертеді.

АҚШ-тың бас инфекционисі Энтони Фаучи елде COVID-19 жұқтырғандар саны күн санап артып бара жатқанына алаңдап отырған көрінеді. Ол вирус таралуының алдын алуға арналған шараларды күшейтуге шақырды. 

Жалпы АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 8 581 574-ке жеткен, 224 912 адам қайтыс болған.  

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу