KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Меновное кентінде жаңа автобус маршруты пайда болады

25.10.2020, 19:06 134

Өскеменге қарасты Меновное кентінде жаңа автобус маршруты пайда болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Автобус қатынасына байланысты бұл кенттің тұрғындарынан өтініштер жиі түсетін. Осы мәселені шешу мақсатында 4-ші автобус маршруты ұзартылып, Меновное кенті арқылы Племстанция аялдамасына дейін жүретін болды.

Бұған дейін аталмыш маршрут Өзен вокзалында қозғалысын тоқтататын. Енді ол Мешіт, Неке сарайы, Арзан, Музей кешені, Меновное, Шоссейная, Дүкен, Юбилейная, Жеңіс саябағы және Племстанция аялдама пункттерін қамтиды.

Жаңартылған маршрут жұмысын дүйсенбі күні 26 қазанда бастайды.

- 19-шы шағын аудан мен Алматы тас жолы арасындағы жаңа автожолдардың құрылысы арқылы Меновное кенті болашағы бар және бизнес үшін қолайлы ауданға айналмақ. Қазір онда қосалқы автожолдар мен комммуникациялық желілер жасау бойынша бірнеше жобалар әзірленуде. Биыл кентте Ярословская және Шоссейная көшелері секілді негізгі магистральдар жөнделді, - дейді шаһар басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив