KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 5 м/с, Ю
497.88 518.59 5.44

ШҚО-да жаңбыр жауып, арты қарға ұласады – Қазгидромет

21.10.2020, 08:49 155

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Қазгидромет» ақпаратына сүйенсек, 22-24 қазан аралығында Скандинавиядан ығысып келген циклон әсерінен Шығыс өңірідегі күн райы түбегейлі өзгеруі мүмкін.

- Циклон ылғалды әрі салқын ауа массаларын алып келеді. Соның әсерінен әуелі жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді – дейді синоптиктер.

Сондай-ақ апта соңына қарай Шығыстағы таулы аймақтарда жаяу бұрқасын соғады деген болжам бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу