KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 7 м/с, Ю
497.88 518.59 5.44

Абай ауданының жас спортшыларына қолдау көрсетті – ШҚО

16.10.2020, 13:59 100

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында «Шынықсаң, шымыр боларсың» ұранын ұстанған жастар аз емес.

Осы ретте ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында аудан спортшыларына облыстық деңгейде айтарлықтай қолдау көрсетілгенін айту керек.

Мәселен, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаковтың қолдауымен абайлық футболшылар мен тоғызқұмалақшыларға арнайы спорттық киімдер мен қажетті құрал-жабдықтар сатып әперілді. Дәлірек айтсақ, аяқдопшыларға 80 дана футбол формасы, доп, секундомер, ысқыруық пен үлкен және кіші қақпа, сондай-ақ қақпа торы табысталса, тоғызқұмалақшылар 40 дана спорттық киім мен аяқ киімге ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу