Семейде «Шаңырақ» бағдарламасына 45 өтініш берілді
![](/kz/uploads/posts/iblock/d09/d095ac83a0429bb5eecaa66995d5d0ff.jpg)
Семейде «Шаңырақ» бағдарламасына 45 азамат өтініш берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өтініштердің екеуі мақұлданды. Айта кетейік, бағдарлама шартына сәйкес алғашқы жарна – сатып алатын үй бағасының 11 пайызы, несиенің жылдық мөлшерлемесі – 5 пайыз.
Қазір Семейдің Қарағайлы ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша төрт нысан салынуда. Олар қараша-желтоқсан айларында аяқталады. Пәтердің бір шаршы метрі 140 мың теңгеге бағаланады.
Оқи отырыңыз