KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
501.31 520.11 5.33

Жүргізуші төрт қызды өрттен аман алып шықты – ШҚО

14.10.2020, 11:20 243

Өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып жұмыс істейтін азамат төрт қыз баланы өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл оқиға Абай ауданында болды. Молдағалиев көшесіндегі жер үйлердің бірінде өрт шыққан. Ал балалар үйде өздері ғана болған. Аудандық өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі үйдің өртеніп жатқанын кездейсоқ көріп, бірден көмекке ұмтылыпты.  

– Жүргізуші Нұрбол Бекшойынов тұрғындарға қауіпсіздік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін үйді-үйді аралап жүрген. Кенет жер үйлердің бірі өртеніп жатқанын көріп, бірден көмекке ұмтылады. Үйде 2008, 2010, 2013, 2015 жылы туған төрт қыз бала болған. Нұрбол балаларды далаға алып шығып, өрт сөндірушілерге хабар берген, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар екі шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірді. Мамандардың пікірінше, пеш жаққан кезде өрт қауіпсіздігінің талаптары сақталмағандықтан өрт шыққан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу