Ұстаздар күні: Өскеменде үш мұғалімге пәтер кілтін табыстады
![](/kz/uploads/posts/iblock/5b9/5b981eed4c2d238e3fceabbec3ea4617.jpg)
Қала әкімі Жақсылық Омар мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, шеберлік пен кәсібилік танытқан ұстаздарды марапаттады.
Елдің білім беру саласының дамуы мен жас ұрпақтың тәрбиесіне үлес қосқан он мұғалімге әкім қолынан алғыс хат табысталды.
Қаланың білім беру мәртебесін көтеруге аянбай еңбек еткен мұғалімдерді ел танығаны жөн: Ольга Пустовет, Анна Жукова, Карлығаш Ахметқалиева, Қайрат Темержанова, Гүлмира Абдрахманова, Елена Лукина, Галина Рязанова, Анна Белецкая, Светлана Дутова, Қорлан Ғалиева.
Ал үш мұғалім – Гүлназ Отарбаева, Бибігүл Жалманбетова және Гауһар Бекқалиеваға көптен күткен пәтердің кілті табысталды.