KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
441.41 477.78 4.84

Өскеменде көшеден 46 жастағы ер адамның денесі табылды (видео)

25.12.2018, 10:59 147

Өскемендегі Есенберлин көшесінің бойынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жаңа салынып жатқан үйлердің маңында жатқан мәйітті байқаған тұрғындар жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына дереу жеткен медициналық қызметкерлер ер азаматтың әлдеқашан жан тапсырғанын анықтаған соң, полиция хабар беріпті.


– Тәртіп сақшылары қайтыс болған азаматтың жеке тұлғасын анықтады. Ол – 46 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазаның себеп-салдары анықталып жатыр. Сараптама жұмыстары жүргізілуде, – деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаменті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив