KZ
Өскемен
+17°
небольшая облачность жел 4 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Өскемендегі Қазыбек би даңғылының бас жағынан қалай кері айналуға болады?

24.12.2018, 08:14 139

Көліктердің Қазыбек би даңғылының бас жағынан (сызбада) жол ережесін бұзбай қалай айналуға болады? Осыған ұқсас жол жағдайы Өскемендегі Абай даңғылы мен Тракторная көшесінің, Буров пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында да бар.


Назым Мәлік


Өскемен қаласы


 


Сауалыңызға облыстық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкері, полиция майоры Денис Талғатұлы Галиев жауап берді:


«Т-тәрізді» жол қиылыстарында кері айналу барысында көлік құралдары қозғалысының траекториясы жол ережесімен реттелмейді. Сонымен қатар жолдың қарсы жүруге арналған жағына шығу, жол белгілерімен немесе жолдағы таңбалармен тыйым салынбаса, кері айналуға болады.


Жол жүру ережесіне, жол белгілеріне байланысты сауалдарыңыз болса, 8 705 623 88 17 WhatsApp нөміріне смс арқылы жолдаңыздар. Сұрақ ұғынықты болуы үшін жолдың түсініксіз тұстарын суретке түсіріп, сызбасын сызып жіберсеңіздер де артық болмайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив