Автокреслоға отырғызуға келмейтін нәрестені қалай алып жүреміз?
Жол жүру ережесіне, жол белгілеріне байланысты сауалдарыңыз болса, 8 705 623 88 17 WhatsApp нөміріне смс арқылы жолдаңыздар. Сұрақ ұғынықты болуы үшін жолдың түсініксіз тұстарын суретке түсіріп, сызбасын сызып жіберсеңіздер де артық болмайды.
Автокресло болмаса...
Құндақтағы нәрестені автокреслоға отырғыза алмаймыз. Сонда оларды көлікте қалай алып жүруіміз керек? Жалпы балаларды неше жастан бастап автокреслоға отырғызу талап етіледі?
Жұлдыз Ерболова
Глубокое ауданы.
Сауалыңызға облыстық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкері, полиция майоры Денис Талғатұлы Галиев жауап берді:
– Он екі жасқа дейінгі балаларды мотоциклдің артқы орындығында, сондай-ақ балаларды арнайы ұстау құрылғысы жоқ көліктерде тасымалдауға рұқсат берілмейді. Сонымен қатар механикалық көлік құралының алдыңғы орындығында арнайы қауіпсіздік құрылғысы болмаған кезде де тасымалдауға тыйым салынады. Ал құндақтағы нәрестелерді тасымалдау үшін балалар люлькасын пайдалану қажет.
Бұл туралы жол қозғалысы ережесінің 22-тарауы 7-тармағында көрсетілген.