KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 7 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Елбасының балаларға арналған дәстүрлі жаңажылдық шырша мерекесі өтті

24.12.2018, 06:33 84

Өскемендегі «Ертіс концерт» залында Қазақстан Президентінің атынан балаларға арналған дәстүрлі жаңажылдық шырша мерекесі өтті. Оған қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке құттықтауын естіді. Бұл құттықтауды облыс әкімі Даниал Ахметов өңірдің әртүкпірінен жиналған балалармен бірге тамашалады.


– Қымбатты балалар, бүгінгі жаңа шыршасына еліміздегі ең үздік оқитын өнерліөрендер жиналып отыр. Мен сендерді және еліміздің барлық балаларын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Бұл өздеріңді жаңа арманға жетелейтін, жаңа үміт сыйлайтын ерекше мейрам. Осы мерекелі басқосуды бүкіл балалардың жыл бойы асыға күтетіні бекер емес. Кез кезген перзенттің аппақ көңілі бұл күні айтылатын ақжолтай тілектердің орындалатынына сенеді. Шырша тойында өнер көрсетіп, сыйлық алатын бүлдіршіннің қуанышынан артық ештеңе жоқ. Балалардың алаңсыз әрі бақыттыөмір сүруі үшін біз барлық жағдайды жасап келеміз. Сондықтан бәрің де саналы тәрбиемен сапалы білім алуға ұмтылуларың керек. Бүгінде дүние жүзі біздің Қазақстанның жарқын жетістіктіктеріне құрметпен қарайды. Осындай мәртелі, еркін елде өсіп жатқан сендер бақытты балаларсыңдар. Балдәурен балалықтың бақыты мен шаттығына бөленіп, өсіп өркендей беріңдер. Жаңа жылдарың құтты болсын, - деді мемлекет басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив