KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

«Айка» фильмі «Оскар» сыйлығының шорт-лист тізіміне енді

21.12.2018, 04:47 333

«Айка» фильмі «Оскар» сыйлығының шорт-лист тізіміне енді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


АҚШ-тан жағымды жаңалық келіп жетті. Бұғын дейін аталмыш фильм "Оскардың" лонг-лист тізіміне енді деп оқырманнан сүйінші сұраған едік. Енді міне, еліміздің атынан ұсынылған Дворцевойдың «Айка» фильмі «Оскар» сыйлығының шорт-лист тізіміне еніп отыр.


«Оскар» сыйлығының шорт-лист тізіміне енді деген нені білдіреді? Бұл - біздің фильм «Ең үздік шетелдік фильм» номинациясында Америка киноакадемиясының сыйлығына үміткер тоғыз туындының қатарында деген сөз. Ал 22 қаңтар күні осылардың ішінен номинацияға ие болған бесеуі белгілі болады


«Ең үздік шетелдік фильм» номинациясында үміткерлер қатарында Альфонсо Куаронның «Рим» (Мексика), Хирокадзу Корээданың «Дүкендегі ұрылар» (Жапония), Павел Павликовскийдің «Қырғи-қабақ соғыс» (Польша), «Капернаум» (Ливан), Never Look Away (Германия), «Кінәлі» (Дания) және Birds of Passage (Колумбия) фильмдері бар.


Жалпы әртүрлі номинацияларда 150 ел өз кинотуындыларын ұсынған. «Оскар» сыйлығын тапсыру салтанаты 24 ақпанда өтеді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив