KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Такси жүргізушілері жолаушыларға чек беруге міндеттеледі

20.12.2018, 04:32 178

Енді қазақстандық такси жүргізушілері жолаушыларға чек беруге міндеттеледі, - деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.


Дереккөздің мәліметінше, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап жүргізушілер жолаушыларға фискалды чек бере бастайды. Бұған мереке қарсаңында жарияланған ҚР қаржы министрінің «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» № 206 бұйрығына енгізілген түзетулер мен толықтырулар себеп болып отыр.


Осыған дейін бұл талап Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерінің 342-тармағында «такси ақаусыз таксометрмен немесе бақылау-кассалық машинамен жабдықталады» деп көрсетілген болатын. Алайда «немесе» деген сөз жүргізушілердің таксометрді алмастыратын, яғни тапсырыс алып, тарифтерді есептеп, төлем де қабылдайтын смартфондағы қосымшаны ғана қолдануына мүмкіндік беретін еді. Ал енді такси жүргізушілері 1 сәуірден бастап кассалық аппаратты қолдануға міндеттеледі.


Еске салайық, 2018 жылдың қыркүйегінде «Яндекс.Такси», «Uber», «InDriver» және тағы басқа компаниялардың жүргізушілеріне ресми қызмет көрсетушілер қатарына қосып, оларды медициналық тексерістен өту міндеттелген болатын. Десе де заңнамадағы бұл өзгерістер әлі нақты бекітілген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив