KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями Штиль
481.84 531.33 5.07

Кәсіподақ үздіктері төсбелгімен марапатталды

19.12.2018, 04:10 344

Биыл жиырма жетінші рет тойланып отырған Тәуелсіздік мерекесіне орай өңіріміздегі мекеме-ұжымдардың кәсіподақ басшылары мен мүшелері құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және төсбелгілермен марапатталды.


Мерекелік іс-шараға облыстық басқармалар мен департаменттердің, кәсіпкерлер Палатасының басшылары мен кәсіподақ бірлестіктерінің белсенділері қатысты. Салтанатты жиынды ашқан облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Мейірхан Төлеубаев Елбасының халыққа арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының басым бағыттарына тоқталып өтті.


– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Мемлекет басшысы үкіметке бірінші қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін көтеруге тапсырма берді. Біз де өз тарапымыздан халықтың әл-ауқатын, өмір сүру сапасын жақсартуға, еліміздегі адами капиталды дамыту бағытында еңбек етеміз,– деді Мейірхан Төлеубаев.


«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Семей аймақтық филиалының басшысы Ольга Шатохина, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесі кәсіподақ комитетінің төрайымы Наталья Ротт айтып өткендей, кәсіподақ ұйымдарының жұмысы негізінен еңбеккерлердің әлеуметтік-еңбек қатынастарын жақсартуға бағытталған.


Мерекелік жиын барысында «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен Кәсіподақ орталығының маманы Батырбек Нұрпейісов, «Өскемен Водоканал» мекемесінің кәсіподақ төрайымы Ирина Малышева, «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» күміс төсбелгісімен Ұлан ауданындағы Герасимовка орта мектебінің директоры Дархан Маушанов марапатталды.


Ал «Казпрофметалл» тау-кен-металлургиялық салалық кәсіподағының өкілі Сергей Солдатов, облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы Азамат Мұхамедчинов, «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің облыстағы филиалының төрағасы Түсіпхан Түсіпбеков, аталған филиалдың өкілі Есентай Сембинов, «Катон Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» инженері Гүлназ Искановаға кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамоталары тапсырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив