KZ
Өскемен
+12°
пасмурно Штиль
442.05 474.14 4.74

ШҚО-ның жедел жәрдем көліктері бір түске боялып жатыр

14.12.2018, 09:22 219

Жыл аяқталғанша облыс орталығында тоқсары түсті 16 көлік пайда болады. Ол – жедел жәрдем көліктері, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жедел жәрдемдердің қою сары түсті болатындығы көптен бері айтылып жүр. Облыстық жедел жәрдем бекетініңң бас дәрігері Марат Ластаевтің сөзінше, қазірдің өзінде мұндай түсті 10 көлік бар. Абай ауданында – біреу, Зырян ауданында – бесеу және Семей мен Өскеменде – екі-екіден.


Бір көлікті бояу үшін 250 мың теңге кетеді екен. Сондай-ақ боялған соң олардың техникалық құжатын міндетті түрде ауыстыру қажет.


– Жыл соңына дейін 11 газел, 4 УАЗ, 1 Hyundai-ды тоқсарыға боямақпыз, – деді Марат Ластаев.


Бірақ бір айта кететіні, боялмай бұрынғы түсінде қалатын көліктер де бар қатарда. Олар жуықта есептен де, істен де шығарылатын «көнекөздер».


– Жаңа жылда 11 жаңа көлік алсақ деп отырмыз. Бірақ нақты шешілген жоқ бұл. Бір ескертетініміз, жаңа көліктер тоқсары түске боялып дайын келеді, – деді бас дәрігер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив