KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.38 531.63 5.27

«Өмір, мен сені сүйемін!» Қатерлі ісікпен күресіп жатқан суретші

13.12.2018, 09:00 210

«Өмір, мен сені сүйемін!». Шығыс Қазақстан көпсалалы онкология және хирургия орталығының сәулемен емдеу және диагностика бөлімінде өткен Дарья Акчыбаева- Сапрыкинаның сурет көрмесі осылай аталды. 34 жастағы Дарьяның суреттері орталықта емделушілерге үлкен күш-қайрат берді.


Дарьяның өзінің де сүт безі рагына ұшырап, емделіп жүргеніне екі жылдың жүзі болыпты. 6 рет отаға түскен. Бірақ, Дарья мынау жарық дүниеден түңіліп, ешқашан күдерін үзген емес. Ол өмір үшін қалай күресу керек екенін сөз жүзінде емес, іс жүзінде біледі. Сурет салу – оның сүйікті ісі.



- Қазіргі адамдардың сурет салуға мүлдем уақыты жоқ қой. Сурет салуды бала кезімнен жақсы көрсем де сау кезімде менің де қолым тие бермейтін. Ал ауырған соң, бос уақыт деген пайда болды. Бала кездегі ермегімді қайтадан қолға алдым, - дейді ол жымиып. Айтуынша, ол отбасымен осыдан алты жыл бұрын Қарағанды облысының Сатпаев қаласынан Шемонайхаға көшіп келген екен.


- Дарьяның суреттерінен тазалықты, өмірге деген іңкәрлікті бірден байқауға болады. Осынау өнердің арқасы болар ол қазір сауығып келеді, - дейді орталықтың психологы Динара Даумова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив