KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
439.4 473.54 4.76

Өскеменде «Абилимпикс» мамандықтар орталығы ашылды

7.12.2018, 03:08 85

«Ақ ниет» мектеп-интернаты мен «Абилимпикс» ұйымдастыру комитетінің арасында балалардың халықаралық кәсіптік байқауларға қатысуына мүмкіндік беретін ынтымақтастық меморандумы жасалып, соның нәтижесінде «Ақниет»-Абилимпикс» оқу-тәжірибелік орталығы ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл орталықтың қызметі балалардың бейімділігін анықтап, болашақ мамандығын дұрыс таңдауына бағытталған. Мұнда жоғары сынып оқушылары инженерлік дизайн, электромонтаж, көркем дизайн, киімдерді моншақпен сәндеу, тырнақ әрлеу, киімдерді, тұрмыстық құрал-жабдықтарды, жиһаздар мен әшекейлерді жөндеу сияқты істермен айналысады. Шеберхана соңғы үлгідегі арнайы құралдармен жабдықталған. Үйірмені колледж ұстаздары мен ерікті студенттер жүргізеді.


Интернат тәрбиеленушілері «Мен инженермін» жобасы арқылы IT-технологияларды, 3D модельдеуді меңгеріп, бағдарламалауды үйренеді.


Алғашқы жетістіктері де ауыз толтырып айтарлық. «Zasskils» Ұлттық чемпионатында «Инженерлік дизайн» аталымы бойынша жүлделі үшінші орынды, облыстық IT чемпионатта Ерзат Тәбиев пен Владислав Лахно «Ақылды жылыжай» жобасын жасап, бірінші орын алса, «Мультимедиялық журналистика» аталымында «Ақ ниет» командасы екінші орынға ие болды.


Бос уақыттарында вокалмен шұғылданып, шахмат, стол теннисі, домбыра мен гитарада ойнайды. Республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалінде домбырамен күмбірлете күй шерткен Меруерт Газраилова екінші орын алса, Астанада өткен халықаралық «Я могу» фестивалінде он жасар Алуа Түспекова әуелете ән шырқап, 170 қатысуышының арасынан суырылып шығып, жүлдемен оралды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Суреттердегі цифрлы Қазақстан» компьютерлі-графикалық республикалық сайысында Владислав Лахно жүлделі екінші орынға ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив