Қазақстан әлемде танталы бар теңге шығаратын жалғыз мемлекет
Өскеменде орналасқан Қазақстан Теңге сарайының директоры Александр Трановтың айтуынша, кәсіпорын елімізде алғашқылардың бірі болып, сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2008 халықаралық стандарты сертификатын иеленген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Қазақстан әлемде танталы бар теңге шығаратын жалғыз мемлекет. Дәл осы тантал қазақ теңгесінің басты ерекшелігі болып табылады, - деді ол.
Ал облысқа көшпелі мәділіспен келген Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина Қазақстанның теңге сарайы отандық қаржы жүйесінің ғана емес, сондай-ақ Қазақстан мемлекеттілігінің маңызды бөлігі екендігін атап өтті.
– Қазіргі кезде өздерінің ұлттық ақшасы мен тиындарын шығаруға барлық мемлекеттердің қауқары жетпейді. Басым көпшілігі ұлттық валюталарын шет елдерде өндіруге мәжбүр, - деді сенатор.