ШҚО-да терезеден кіріп тамақ ұрлаған адам қолға түсті
Тамақтану үшін үйге түскен шемонаихалық ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Ол үй иелері жоқта ішке ашық қалған терезе көзінен кірген. 2 келі қарақұмық пен макарон, 3 банкі салат және тоқшәугім ұрлаған. Оған қоса күртке мен шалбар да жымқырған. Үй иесі шығынды 31 мың теңге деп бағалады, – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы.
Көп уақыт өтпей ұрлықтың беті ашылды. 33 жастағы күдікті азамат кінәсін мойындаған.
– Күдікті ұрлығын мойындады. Қылмыстық кодекстің 2-бөлім 188-бабы (ұрлық ісі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді баспасөз хатшысы.
Оқи отырыңыз