Аягөздегі «Шығыс Ұландары» салтанатты түрде ант қабылдады
Аягөз ауданының «Шығыс Ұландары» салтанатты түрде ант қабылдады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
№6 жалпы білім беретін орта мектеп алғаш «Шығыс Ұландары» ретінде құрылғанда 25 бала болса, бүгінде 126 оқушы білім алады.
Өзге орта мектептерден ерекшелігі – мұнда оқушыларды әскери тәртіпке баулып, патриоттық сезімдерін шыңдауға жетелейді. Айта кету керек, осындай үлгідегі мектептер облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен, облыстық мәслихаттың бесінші сессиясының шешімі бойынша республика көлемінде алғаш рет жасақтала бастады.
Енді осы тәжірибені өзге де облыстар байқап көрмек. Мұнда 5 сыныптан бастап оқушыларды арнайы тест арқылы қабылдайды. Биыл сондай сынақтан өткен 50 өрен тұңғыш президент күні мейрамында елі мен жеріне, Қазақстан Республикасына мүлтіксіз қызмет етуге ант етті.