Семейде бірнеше сауда дүңгіршегі жанып кетті
Семейде бірнеше сауда дүңгіршегі жанып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бүгін 5 желтоқсан күні 13.46 –да Семей қаласындағы М. Әуезов даңғылы 42 «Г» мекен-жайынан өрт шыққаны туралы хабар төтенше жағдай басқармасына шұғыл жетті. Осы көшеде "Смаилов" ЖК-ның сауда нүктелері, атап айтқанда №49, 50, 51, 26, 27, 28, 29 дүңгіршектері отқа оранған. Ішінде азық-түлік, сабын сияқты шаруашылық, тұрмыстық тауарлар болған.
Өрт ауданы 60 шаршы метрді жайлаған. Өртті сөндіруге 6 техника жұмылдырылды. 22 адам күш біріктірді. Қазір өрттің себебін анықтау үшін өрт сөндірушілер зертханасының мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.