KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есе артатын болды

5.10.2018, 05:27 129

Елбасы биылғы Жолдауында еліміздегі ең төменгі жалақының мөлшерін 1,5 есеге арттыруды тапсырды. Бұл арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен 1,3 миллион қазақстандықтың кірісі өседі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


-Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап минималды айлықты 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын. Бұл әрбір қазақстандыққа көрсетілген шынайы көмек. Бұл тура барлық өндіріс ошақтарында жұмыс істеп жүрген 1,3 млн адамның еңбек ақысын өсіру – деді Н.Назарбаев.


Естеріңізде болса, Елбасы осыдан біраз уақыт бұрын, дәлірек айтсақ 1 қыркүйекте Парламент палатасының отырысында:


– Біз өте қарқынды кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Яғни бізге батыл шешімдер қабылдау керек. Бұл туралы алдағы халыққа Жолдауымда айтатын боламын, – деген еді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив