KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Әріптесіміз Астананы «тонап» келе жатыр

29.11.2018, 10:30 234

Облыстық «Дидар» газеті мен сайтымыздың тілшісі, ақын Оразай Жеңісұлы қараша айында Астана шәрінде қанша жыр мүшәйрасы өтсе, соның бәрінде жүлде қанжығалады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Басынан бастайық. Бірінші – дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұйымдастырған «Қасиетті қазақ едік» атты халықаралық өнер фестивалі. Әріптесіміз Таңжарық Жолдыұлы атындағы арнайы жүлдеге ие болды.


Екінші – Астананың 20 жасына арналған мүшәйра. 400 жүйрік бақ сынаған бәйгеде бас шаһардың түйдей құрдасы Оразай екінші орыннан көрінді.


Үшінші – жазушы, ақын, публицист Ерғазы Рахимовтың 80 жылдығына өткен республикалық дода. Мұнда да әріптесіміз екінші болып мәре сызығын кесті.


Сонымен, редакцияда қалған әріптестері үш бәйгенің жүлде қорын есептеп шығара алмай жатыр. Математик емес, журналист болған соң қиын да... Шамамен, жарты миллион бар қалтада деп топшылайды. Әлбетте, бастысы бұл емес, көңіл ғой. Ақ тілектерін жаудырып жатыр. Біріне кезек берер болсақ, «Нағыз әкесінің ұлы деген осы міне! (Оразайдың тегіне қатысты айтқаны – автор ескертпесі). Кеудеңдегі жыр-бұлағың сарқылмасын», дейді Дидар газеті бас редакторының орынбасары Серік Әбілхан.


Әріптестерден бөлек Өскемендегі зиялы қауым өкілдері де әлеуметтік желіде тілек білдірді. Егемен Қазақстан газетінің меншікті тілшісі Азамат Қасым, қалалық «Шабыт» ақындар мектебінің жетекшісі Қызырбек Дүргінбайұлы бастаған желі қолданушылары Оразайдың С.Аманжолов атындағы мемлекеттік университетте ақылы түрде білім алып жатқандығын еске салып, оқу орынның ғана емес, мұқым облыстың атын әйгілеп жүрген талантты жасқа грант тағайындауды ұсынды. Мәлім болғандай, бұл тілекті университеттің басшысы Мұхтар Әділбекұлы құптап отырған көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив