KZ
Өскемен
+2°
небольшой дождь жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Риддерде полиция автокөлігі жол-көлік оқиғасына ұшырады

28.11.2018, 07:00 197

Риддерде полицияның қызметтік көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жол-көлік оқиғасы 26 қарашада болған. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі Гагарин көшесінің бойымен жүріп келе жатып, Семипалатинская көшесіне қарай бұрылуға әрекет жасайды. Осы кезде ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан полиция автокөлігіне жол беруге тиес  еді.


ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, төрт адам зардап шеккен екен. Жеңіл автокөліктің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив