KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 4 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Өскеменде полиция көлігі жеңіл автокөлікпен соқтығысты (видео)

31.01.2019, 09:06 162

Облыс орталығында Тәуелсіздік даңғылының бойында полицияның қызметтік көлігі «BMW» маркалы автокөлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жол-көлік оқиғасы 30 қаңтарда сағат 16.15 шамасында болған.


Өскемен полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қызметтік көліктің жүргізушісі шеткі оң жақ жолақтан бұрылу кезінде маневрдің қауіпсіздігін сақтамаған. Салдарынан «BMW» маркалы автокөлікке соғылған.


«BMW» жүргізушісінің ауыр жарақат алмағаны белгілі болып отыр. Полиция қызметкеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив