KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Өскеменде автокөліктер бағанды қалай «сүзіп» жүр? (фото)

6.11.2018, 07:08 199

Әлеуметтік желіде екі түрлі жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы мен фотосуреттері таралуда. Екі жағдайда да көліктер бағанға соғылған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оқөиғаның бірі 5 қарашада Өскемендегі Согринская көшесінде болған. «Mitsubishi Montero Sport» маркалы автокөлік жолдың шетінде жайымен тұрған бағанға соғылып, өзі сол бағанның астында қалыпты. 38 жастағы жүргізуші көлікте жалғыз болған екен. Зардап шекпеген. Өскемен полиция бөлімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, автокөлік бағанға көктайғақтың салдарынан соғылған.



Екінші оқиғадағы ВАЗ 2107 маркалы автокөлікке айтарлықтай күрделі зақым келген секілді. Жүргізушісі жеңіл жарақат алыпты. Жол-көлік оқиғасы 5 қарашада Меновной кентінің Ярославская көшесінде болған. Автокөлік №55 бағытағы қоғамдық автобуспен соқтығысып, соққыдан жарық бағанына қарай ұшып кеткен.


Бұл жерде кінә автобус жүргізушісінен болған деседі. Ол солға бұрылған кезде жеңіл автокөлікке жол бермеген екен. Қалалық полиция бөлімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив